$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Еліміздегі алғашқы жер асты өткелінің құрылысы межелі уақытта аяқталмады

AstanaTV
09.10.2015ж. 20:00
1245
Еліміздегі алғашқы жер асты өткелінің құрылысы межелі уақытта аяқталмады

Шымкент пен Тараздың арасын жалғайтын жерасты өткелінің құрылысы белгіленген кестеден кешігіп жатыр. Автокөліктерге арналған алғашқы үңгіртауды қолданысқа беру мерзімі келесі жылға қалдырылды.

Құрылыс қыркүйекте аяқталуы тиіс болатын. Әзірге өткелдің небәрі 75 пайызы аяқталған. Екі шаһардың арасын жалғайтын жерасты өткелі екі бағытты болады. Ұзындығы 690 метр өткел салуға қазынадан 2 млрд 800 млн теңге қаралған. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Екі жүзге жуық жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Қырық техника  тартылған, - дейді мердігерлер.

Ахмад Наимиха, жоба жетекшісі:

Сараптама мамандары құрылысты бастауға рұқсатты тым кеш берді. Одан бөлек бұрғылау кезінде қиындықтар көп болды. Қатты қабатқа кезіктік. Бекемдеу жұмыстарын жүргізіп алуға тура келді. Осының бәрі қолды ұстады. 

Оңтүстік Қазақстан облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы да аяқталар емес. «Түлкібас ауданы тұсындағы жолдың 40 шақырымнан астам бөлігі бітсе, бес шақырымдай жолдың жұмысы қалып тұр», - дейді жол салушылар. Құрылысты аяқтауға үш ай уақыт беріліпті. Айта кетейік, көлік магистралінің құрылысы бұл аумақта 2013 жылы басталған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ