Кереку
көшелерінде аймаққа танымал тұлғалардың есімі берілген трамвайлар пайда болды.
Әзірге мұндай көліктер саны бесеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта
50-ге жетпек.
Трамвайдың алдыңғы терезесінде Кеңес Одағының батыры
Қанаш Қамзин, ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімдері жазылды.
Сондай-ақ, мәдениет қайраткері, өлкетанушы Эрнест Соколкин, Олимпиада
ойындарының жеңімпазы Людмила Прокашева мен бокстан әлем чемпионы Азамат
Мақажановпен де жақын танысу мүмкіндігі бар. Әйгілі жерлестердің өмірбаяны мен
оларға қатысты мағлұматты салон ішіне ілінген ақпараттан оқуға болады.
«Жастардың патриоттық рухын көтеріп, әйгілі тұлғалардың есімін жаңғыртуда бұл шараның рөлі ерен»,- дейді
шараға қатысушылар.
Людмила
Прокашева, Олимпиада ойындарының жүлдегері:
Қазіргі
буын өмірден өткен белгілі тұлғалардан бейхабар. Әсіресе олардың аймақтың дамуына қосқан үлесі
туралы біле бермейді. Енді жастарымыз жерлестеріміз жайлы біліп жүретін болады.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ