$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Тұмауға қарсы вакцина сатып алуға 10 миллионнан астам теңге бөлінді

AstanaTV
09.10.2015ж. 20:00
1157
Тұмауға қарсы вакцина сатып алуға 10 миллионнан астам теңге бөлінді

Астана әкімдігі тұмауға қарсы вакцина сатып алуға 10 миллионнан астам теңге бөліп, дәрі-дәрмектің отыз мыңнан астам дозасы алынған. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  өкілі мәлімдеді.

Тұрғындар екпені кез-келген емханада жасата алады. Өткен жылы жедел вирустық инфекция жұқтырудың 16 мыңға жуық оқиғасы тіркелген. Мамандардың айтуынша, вакцина қауіпсіз әрі оны алты айлық сәбилермен қатар жүкті әйелдерге де егуге болады.

Зәмзәгүл Рақымбаева, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі:

Қазір біз тұмауға қарсы вакцинаның екі түрін қолданып жатырмыз. Голландия мен Франция елінің өнімдері. Дәрі қауіпсіз. Кері әсері де байқалмайды.

Жұрағат БАМАН