Қарағанды
облысының Қарқаралы ауданында көктемгі тасқыннан жапа шеккен ауылдардағы баспаналар құрылысы аяқталды. Бүгін 5
бірдей ауылдың тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Бұл елді мекендерде 30 үй
қираған еді.
Жаңа
үйлер Ынталы, Матақ, Көктас, Тоқтар, Нүркен ауылдарында бой көтерді. 5 ай бойы
осы күнді асыға күткен тұрғындардың
қуанышында шек жоқ. Оларға 3,4,5 бөлмелі еңселі баспаналар
бұйырды. Жиырма үй республикалық бюджет қаржысына салынған. 10 отбасына көмек
қорына жиналған ақшадан үй сатып әперілді. Өзге де жүздеген тұрғынға 27 млн
теңгеден астам өтемақы төленді.
Еске салайық, көктемде Қарағанды облысында 12
елді мекен су астында қалған еді.
Салдарынан 400-ге жуық үй құлап, жолдарды су шайып кеткен.
Ержан
Елеусіз, Матақ ауылының тұрғыны:
Көп
көмек жасады. Ақшасын беріп жатыр. Қандай тамаша, керемет үй салып берді. Бұл
Елбасының да жоғарыдан берген тапсырмасы болар, үйге кіріп жатырмыз.
Айжан ҚУАШ