Кішкене
қызды жәбірлемек болғандарды ұстаған сарбаздар марапатталды. Ұлттық Ұланның екі
сарбазына басшылық арнайы төс белгі мен диплом табыстады.
Жаға ұстатар жағдай
Астанада қазанның бесі күні болған. Қалада демалыста жүрген Қайырболат Закареев
пен Николай Шпадов аялдамаға дейінгі жолды қысқарту үшін балабақша ауласымен
өтіп бара жатып, сұмдық оқиғаны көзі шалған. Жеті жасар қызға айуандық әрекет
жасамақ болған 38 және 39 жастағы азаматтардың үстінен түседі. Жедел
іс-қимылдың арқасында біреуін ұстап, полицияға хабарлайды. Қашып кеткен
екіншісі де ұзамай қолға түскен.
Қайырболат
Закареев,
ҚР Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбазы:
Кішкентай
қыз Даун синдромымен ауырады екен. Инвалид. Бірақ ол айқайлай
алмайды, сөйлей алмайды. Бірақ қырылдаған даусын естідік. Ол жерде біз
болмасақ, ана қыз өліп кетерме еді, деп ойлаймын. Бір-екі сағат өтсе, барған
кездің өзінде қыз қалтырап-дірілдеп жатыр.
Виктор
Шалыжин, зардап шеккен қыздың әкесі:
Олар
қызымның қос періштесі сияқты. Қажет уақытта қасынан табылып, жаман әрекеттің алдын алды. Оларға айтар алғысым
шексіз. Ал дертке шалдыққан, сөйлей алмайтын қызыма айуандық жасаған
адамдардың жазасын бір Алла берсін.
Берік ХАСЕНОВ