$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қазақстан-Қырғызстан шекарасының күзеті күшейтілді

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1252
Қазақстан-Қырғызстан шекарасының күзеті күшейтілді

Қырғызстан түрмесінен қашқан экстремистер қоғамға қауіп төндірді. Бүгін қазақ-қырғыз шекарасында да тексеріс пен бақылау күшейтілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мамандары мәлімдеді. Сонымен қатар, Жамбыл облсының полиция қызметі күшейтілген жүйеге көшкен.

Қанатбек Солтанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің басшысы:

Қазіргі уақытта Қырғызстанмен шектесетін мемлекеттік шекара аумағында - бұл Жамбыл, Мерке және Қордай - шекара отрядтарының аумақтары және тексеріп өткізу бекеттерінде шекараны күшейтілген тәртіпте күзету шаралары енгізілген.

Тимур Абдулай, Жамбыл облысы ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкері:

Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері күшейтілген жүйеге көшіп жұмыс атқаруда, бұл жағдай бойынша барлық қала-аудандық бөлімдерге ақпарат таратылды, шекара қызметімен жүйелі түрде ақпарат алысып тұрмыз. Егер де олар өтетін жағдай болса, біз оларды құрықтауға дайынбыз.

Бүгін Қырғызстанда 9 адам Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету колониясының үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі «жедел іздестіру» шарасы барсысында ұсталған. Тәртіп сақшыларынан сытылып кеткен төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Олар экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Түрмеден қашқандардың барлығы Қырғызстанда заңсыз деп танылған "Жайшуль-Махди" террорлық топтың белсенді өкілдері екен. Бірақ, айта кетерлігі, Қазақстан Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында елімізде тыйым салынған экстремистік ұйым тізімінде бұл террорлық топ жоқ.

Берік ХАСЕНОВ