$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Әуе шабуылы кезінде «Ирак және Левант» террористік тобының басшысы Әбу Бәкір Әл-Бағдади жарақат алды

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1876
Әуе шабуылы кезінде «Ирак және Левант» террористік тобының басшысы Әбу Бәкір Әл-Бағдади жарақат алды

Ирактағы әскери әуе күштерінің шабуылы кезінде ДАИШ серкесі Әбу Бәкір Әл-Бағдади жарақат алды. Ал оның үш бірдей орынбасары қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпар бойынша, әскери операция кезінде «Ирак және Левант» террористік топ лидерінің орынбасарының бірі террористік ұйымда насихат мәселесін басқарса, енді бірі командир болған. Агенттіктің хабарлауынша, Ирак әскерилеріне әл-Бағдади мінген көліктердің жолға шыққандығы жөнінде ақпарат алдын ала келіп түскен. Ирак билігі осы сәтті пайдаланып, ұйым басшысы мінген көліктер керуеніне әуеден шабуыл жасалған болатын. Лаңкестік ұйым жетекшісі Карабла қаласына қарай бет алды деген ақпарат бар. Ал аталған елді мекен Сириямен шекараға жақын маңда орналасқан Анбар провинциясында. 

Жұрағат БАМАН