$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Франция қазақстандық «БТА банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауға келісті

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1315
Франция қазақстандық «БТА банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауға келісті

«БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланбақ. Бұл туралы Франция сотының шешімі шықты. Ақпаратты "Ассошайтед Пресс" агенттігі Әблязовтың адвокатына сілтеме жасап хабарлады. Франция премьер-министрі Мануэль Вальс экс-банкирді экстрадициялау туралы бұйрыққа 17 қыркүйекте қол қойған. Ал шешім өткен аптада Әблязовтің өзіне табысталыпты. Бірақ Әблязов шешіммен келіспей, Франция мемлекеттік кеңесіне шағымданатынын айтқан.

Еске салайық, 2009 жылы елден қашқан Мұхтар Әблязов Қазақстанда 6 миллиард доллар жымқырды деп айыпталған болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланып, 2013 жылы Францияда қолға түсті. Қамауда отырған Әблязовті Лион соты Украина немесе Ресейге экстрадициялауға санкция берді. Алайда ол туралы түпкілікті шешімді Франция үкіметі қабылдауы тиіс болатын.
  
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА