Беларусьтегі президенттік
сайлаудың алдын-ала қорытындысы жарияланды. Сайлауда халықтың 83,49% дауысын
жинап, Александр Лукашенко жеңіске жетті. Бұл туралы елдің Орталық сайлау
комиссиясының төрағасы хабарлады.
Президенттікке үміткер өзге
кандидаттар Татьяна Короткевич үшін ел бойынша сайлаушылардың 4,42%-ы дауыс
берген. Сергей Гайдукевич - 3,32%, Николай Улахович - 1,67% дауыс жинаған.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мұның тек алдын ала мәліметтер екенін
атап өтті. Десе де, Беларусиядағы осы жылғы өткен президенттік сайлауға
батыстық сарапшылар ең «демократиялық» өтті деген баға берген. Қорытынды мәліметтер облыстық сайлау
комиссиялары мен Минск қаласының сайлау комиссиясы әр кандидат үшін дауыс беру
туралы қорытынды хаттамаларға қол қойған соң хабарланады.
Александр Лукашенко, Беларусь
президенті:
Бұл сайлау Батыспен Беларусь арасындағы
жағдайды жақсартуы мүмкін, бірақ бұл тек Батыстың қалауымен ғана болады. Сайлау
барысында Батыстың не көрсігі келді - соны біз істедік. Ал біз не істегенімізді
сіздер жақсы білесіздер. Сондықтан Батыс Беларусьпен қарым-қатынасты
нығайтқысы келсе, бұған ешкім және ешнәрсе кедергі келтіре алмайды.
Өз жақтастарының алдында сөз
алған Лукашенко реформаларға, одан бөлек төңкерістерге дайын екенін жариялады.
Бірақ нақтыламады. Александр Лукашенко
Беларусь елін 1994 жылдан бері басқарып келеді. Бірақ осы қызметті әлі талай
жылдар бойы жалғастыруға дайын екенін сан мәрте айтқан болатын.
Берік ХАСЕНОВ