$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Тұрғындардың қарызын кешірген банктер жеке табыс салығынан босатылады

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1410
Тұрғындардың қарызын кешірген банктер жеке табыс салығынан босатылады

Екінші деңгейлі банктер 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін жеке кіріс салығынан босатылады. Бірақ ол үшін қаржы құрылымдарына тұрғындардың ипотекалық және тұрғын үй қарыздарын кешіру керек. Бұл туралы Сенат қабырғасында «Мемлекеттік салық саясатының өзекті мәселелерін» талқылаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады. Министрдің айтуынша, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер көлеңкелі экономикадағы қаржы айналымын азайтпақ.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Ұлттық банктің ипотекалық және тұрғын үй қарыздарын кешіру бағдарламасына қатысатын екінші деңгейлі банктер 2015 жылдың бірінші қаңтарынан 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін жеке табыс салығынан босатылады. Елбасы тапсырмасына орай елде Ұлттық банктің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жүріп жатыр. Ол 131 млрд теңге. Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыратын барлық қаржы құрылымдары жеке табыс салығынан құтылады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ