Қазақстанда
зейнеткерлік жас ұлғайтылып, қазан айында зейнетақы төлеу тоқтатылатыны туралы
ғаламтордағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Айтуынша, зейнетақы жүйесіне өзгерістер
енгізілетіні туралы жалған ақпарды ресейлік zihipol.ru сайты жариялаған. Ал
«Google Adsense» жүйесі арқылы орналастырған хабарлама ақпараттық порталдарда
вирустық жарнама түрінде қалқып шығып отырған көрінеді. «Қазір тиесілі
тексерістер жүргізілуде», - деді министрлік өкілі.
Александр
Кононец,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз хатшысы:
Бұл
парақша интернет трафик жинау арқылы қаржыланады. Сайтта орналастырылатын ақпарат
белгісіз дереккөзі арқылы жарияланатындықтан, таратылатын ақпарға сенуге
болмайды. Десе де, министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бұларға тиесілі
шара қолдану туралы арнайы хат жолдады.
Жұрағат БАМАН