$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Балаларын терезеден лақтырған әйел психиатриялық орталыққа ауыстырылды

AstanaTV
12.10.2015ж. 20:00
1490
Балаларын терезеден лақтырған әйел психиатриялық орталыққа ауыстырылды

Ал Алматыда екі қызын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген әйел бірінші қалалық клиникалық ауруханасынан психикалық денсаулық сақтау орталығына ауыстырылды. Бұл ақпаратты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірасылова айтты. Осы орталықта Жадыра Құлмамыроваға психиатриялық сот сараптамасы жүргізілмекші. Дәрігердің айтуынша, кейде сараптама жұмыстары бір айдан үш айға дейін созылады.

Бағдагүл Әбдірасылова, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Соттық-психиатрлық сараптама жүргізу үшін, басқа аймақтардың да мамандары шақырылуы мүмкін. Ол біздің әлсіздігімізді көрсетпейді. Бірақ дұрыс сарапмата шығару үшін - ол адамның өмірі, ол адамның тағдыры - сол сараптаманы дұрыс шығару үшін, басқа жақтың мамандары да қатысуы мүмкін, қажеттілік болса.

Еске салайық, қайғылы оқиға 5 қыркүйекте Алматыдағы Сәтбаев пен Бауман көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 33 жастағы әйел кәмелет жасына толмаған екі қызын 5-ші қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып, артынша өзі де секірген еді. 8 жастағы қыз бала оқиға орнында көз жұмды, ал 1 жарым жасар сәби жақында ауруханада емделіп, жуырда туыстарына тапсырылған болатын.

Самат ҚАНАҒАТОВ