Бүгін 68 жасына қараған шағында бұрын
премьер-министр қызметін атқарған Нұрлан Балғымбаев қайтыс болды. Жақындары ол
ұзақ уақыт бойы сырқаттанғанын айтты. Алайда марқұмның қандай аурумен ауырғаны
және қандай жағдайда көз жұмғаны әзірге белгісіз. Мемлекет қайраткерінің
қазасына байланысты президент туған-туыс, жақындарына көңіл айтты. Желелхатта
оның ел үшін қосқан үлесін ешкім ұмытпайды делінген.
Нұрлан Балғымбаев
Үкімет басшысы ретінде әлеуметтік саладағы реформаторлығымен, отандық тауар
өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсету бағытын ұстануымен ерекшеленген еді.
Нұрлан Балғымбаев әр жылдары мұнай және газ өндірісінде министр қызметін,
«Қазақойл» мұнай-газ ұлттық компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 1997
жылдан 1999 жылдарға дейін Қазақстан премьер-министрі болды. 2007-2009 жылдары
Нұрлан Балғымбаев Президент кеңесшісі болды. Оған дейін италиялық Eni мұнай-газ
компаниясымен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұйымның Бас директоры болды.
Жұрағат БАМАН