Алматыдағы
жол қозғалысының қауіпсіздігі қауымдастығының белсенділері, арнайы комиссия
құрып, Орталық трамвай депосындағы көліктерді техникалық тексеруден өткізу
қажет, деп санайды. Осыған орай депоның жұмысын уақытша тоқтату туралы қала
басшысына ресми хат жолдады. Тұрғындардың да пайымы осы: екінші рет болған
трамвай апаты тозығы жеткен көліктер мен тәжірибесіз мамандардың кесірінен
болып жатыр.
Бізде
қанша болды, жаңа трамвайлар жоқ ғой, жүргізушілер, қашан қарасаңда, шығып бір
нәрсесін жөндеп жатады. Әрине, трамвай керек, бірақ жаңасы.
Барлығына тәжірибесіз жүргізушілер кінәлі. Кеше адамдар мен қаншама көлікті
жайпап тастады. Оқымағанның салдары осының бәрі.
Іргетасы
1937-ші жылы қаланған орталық трамвай депосында бүгінде 17 трамвай бар. Олар екі
бағыт бойынша қатынайды. №4 трамвай Жетісу көшесінен шығып, Орталық базарды
басып өтіп, Байтұрсынов даңғылына бағыт алады. Сосын Төле би көшесімен «Ақсай»
ықшам ауданына келіп тоқтайды. Ал № 6 трамвай Жетісу аялдамасынан жүріс алып,
Мақатаев көшесіне бет алады. Осы жерден жолаушыларды отырғызып, Қонаев даңғылы арқылы Шевченко көшесін басып
өтіп, «Орбита» ықшам ауданында тұрақтайды.
Дәурен Сыбанбаев, №4 трамвай жүргізушісі:
Бізде
көп көшелерде қоршау жоқ, арнайы трамвайға. Сондықтан жеңіл көліктер кедергі
жасайды. Негізі трамвайды тастап кетпеу керек, ішінде бір адам отыру керек. Ол ойыншық
емес.
Айгүл ЕРМАХАН