$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жолаушы тасымалдаушылар республика бойынша ортақ тариф болғанын талап етуде

AstanaTV
14.10.2015ж. 20:00
1352
Жолаушы тасымалдаушылар республика бойынша ортақ тариф болғанын талап етуде

Қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 100 теңге болуы қажет. Бүгін алғаш рет ұйымдастырылған автотасымалдаушылар форумында осындай ұсыныс айтылды.  Кәсіпкерлер соңғы кезде доллардың қатарынан екі рет қымбаттауынан қосалқы құрал-саймандардың құны шарықтап, шаш етектен шығынға батқандарын айтты. Сондықтан жол жүру ақысын республика бойынша 100 теңгені құрап, белгіленген тарифті барлық аймақта бірдей қыруды ұсынды.

Нұрлыбек  Бірманов, «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС директоры:

Алматыда атвобуспен 80 теңгемен жүреді, тағы бюджет көмектеседі. Астанада 90 теңгемен жүреді, тағы Астана қаласы бірнеше миллион теңгеге поддержка жасайды. Ал біз деген 60 теңгемен жүреміз, ешқандай поддержка жоқ. Өйткені жергілікті басшылықтың ақшалары жоқ, сондықтан көмектесе алмайды. Енді оны өздері көтеруге халықтан қорқады, шынын айтқанда. Сондықтан мына Инвестиция мен транспорт министрлігінен орталықтан барлығын региондар бойынша тарифті бірге өзгертуге деген сұрақ бар.

Берік ХАСЕНОВ