1
миллиард 101 миллион 60 мың теңге. Бұл ақшаны қайдан тапқаны белгісіз, істі
болған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспанов
айыппұлды толықтай өтеді. Осылайша іс тоқтатылып, Оспанов жазадан құтылды. Бұл
туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ботагөз
Балиева,
Астана қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жетекшісі:
Оспановпен
мемлекет кірісіне айыппұлдың толық сомасы салынды. Яғни оған қатысты атқару
өндірісі тоқтатылып, үкімнің жаза түріндегі негізгі бөлігі толық көлемде
орындалды.
Естеріңізге
салайық, Мұрат Оспанов «Атырау Жарық»
АҚ-ның электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау
жолымен аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған болатын. Сот оны кінәлі деп
таныды. Бірақ сол тұста Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізіліп, жемқорлар
жазасын айыппұлмен өтеуге мүмкіндік алды. Сот экс-шенеунікке алған параны 30
есе қылып қайтару туралы үкім шығарды. Ол сомма 1 миллиард 101 миллион 60 мың
теңгені құрап, оны 6 айдың ішінде төлеу міндеттелген еді. Одан бөлек, бар
мал-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан
айырылған болатын.
Жұрағат БАМАН