Бүгін Гонконгтың ірі Cathay
Pacific әуе компаниясы Иран мен Каспий
теңізінің үстімен ұшуын тоқтатты. Мұндай қадамға Гонконг қауіпсіздік
шараларын сақтау үшін барып отыр. Өйткені Ресей Каспий аймағынан Сирия
аумағындағы «ДАИШ» леңкестік тобын зымырандармен атқылап жатыр. Бұл
жайында Коммерсант басылымы South China Morning Post-қа сілтеме жасап
хабарлады.
Белгілі болғандай, гонконгтік
әуе тасымалдаушы «Еуропалық авиация қауіпсіздігі агенттігінің» кеңесіне құлақ
асқан. Агенттік, зымырандар жолаушылар мінген әуе лайнерлерге қауіп төндіруі
мүмкін, деген хабарлама таратқан. Шетелдік басылымның хабарлауынша, Ресей
зымыран ұшыруды тоқтатпаса, өзге де әуе компаниялары осылай істеуге мәжбүр
болмақ.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА