$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Мәскеу мен Гааганың малайзиялық «Боинг-777» ұшағының апатына қатысты пікірлері келіспеді

AstanaTV
14.10.2015ж. 20:00
1159
Мәскеу мен Гааганың малайзиялық «Боинг-777» ұшағының апатына қатысты пікірлері келіспеді

Донбасс аспанында күлі көкке ұшқан малайзиялық «Бойнг-777» ұшағы «Бук» зымыранымен жойылған. Нидерланды қауіпсіздік кеңесі мен Ресейлік «Бук» кешендерін өндіруші «Алмаз-Антей» концерні де апатқа себепкер болған дәл осы қару деген ұйғарымға келді.

Алайда ұшақты кім және қандай мақсатпен құлатты деген сұраққа жауап әртүрлі. Украина билігі, әуе кемесі Снежное ауданынан, яғни Донецк халықтық республикасы территориясынан нысанаға алынды, деседі. Ал ресейлік  «Алмаз-Антей» концерніндегілер, зымыран Украинаның шығыс аумағы Зарощенское жағынан ұшырылыды, деп отыр.

Ян Новиков, «Алмаз-Антей» бас директоры:

Сараптама нәтижелері Голландия комиссиясының қорытындыларын толықтай жоққа шығарды. Бүгін біз «Боинг-777»-ні  «Бук» зымыраны Зарощенское елдІ мекенінен атып түсіргенін дәлелдей аламыз. 

Ал Нидерланды қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Тьиббе Яустра, ұшақ Украинаның шығысынан атылып түсірілген, сондықтан апатқа Укрина билігі де кәнілі, дейді. Дегенмен, комиссия құзіретіне апатқа жауаптыларды анықтау кірмейтінін ескертті.

Еске салсақ, малайзиялық «Боинг-777» ұшағы өткен жылдың 17-ші шілдесінде Донецк аумағында апатқа ұшырады. Амстердамнан Куала-Лумпурды бетке алған ұшақтағы 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі қаза тапқан болатын.