ДАИШ
Ресей мен АҚШ-қа «қасиетті
соғыс жариялады. Экстремистік топтардың басшысы Махаммад Аднани әлеуметтік желі
арқылы әлемнің бүкіл мұсылмандарын ресейліктер мен америкалықтарға қарсы
жиһадқа шақырды. Аднани қазіргі басты нысан Америка Құрама Штаттары екенін атап
өтті. Ол,
АҚШ қазір әлсіздігін сезініп, Австралия, Түркия, Ресей, Иран елдерінің
қолдауына барынша ие болуға тырысып жатыр, деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Сириядағы содырлардың белді басшысы 40 минуттық бейнежазбасында
АҚШ тоқыраудан құтылуға шарасыз екенін айтқан.
Еске салайық, Ресей Сирия
аумағында террорлық топтарды әуеден атқылауды қыркүйектің 30-ында бастаған
болатын. Көрші ел мұндай қадамға Сирия президенті Башар Асадтың қол ұшын беру
туралы өтінішінен кейін барған болатын.
Берік ХАСЕНОВ