Айдын Айымбетов - Халық
қаһарманы. Қазақтың үшінші ғарышкері Елбасы жарлығымен осындай жоғарғы атаққа
лайық деп танылды. Ғарышкерді
Президент Ақордада қабылдап, «Халық қаһарманымен» қоса, «Отан» ордені және
«Алтын Жұлдыз» медалдерін төсіне тақты. Айдын Айымбетовке «Қазақстанның
ғарышкер-ұшқышы» атағы да берілді.
Қазақ
қаһармандары тағы бір батырмен толықты. Ол - Айдын Айымбетов. Елбасының, елінің
артқан сенімін ақтады. Қазақтың үшінші баласы ғарыш кеңістігіне он күндік
сапармен ұшып, елімізді ғарышты бағындырған тоғыз мемлекеттің қатарына қосты.
Нұрсұлтан
Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Айдынды
халық қаһарманы атағымен, ал барша қазақстандықтарды жаңа батырымен
құттықтаймын. Еліміз аз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке
айналды. Жер бетінде үш немесе одан да көп перзенті ғарышқа көтерілген тоғыз
ғана мемлекет бар екен. Соның біреуі біз болдық.
Айдын
Айымбетов ғарышқа ұшқанда, жүрексінбесе де, Елбасына ризалығын білдірген кезде
қобалжығандай болды. Бірақ Президенттің өзі қолдау білдірді.
Айдын
Айымбетов,
Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы, Халық қаһарманы:
Аса
мәртебелі Елбасы мен сіздің тапсырмаңызбен ғарышқа сапар шегіп, оралдым. -Погромче говори, ты же
военный. Командирским голосом говори. - Маған және еліміздің ғарыш
саласына жасаған зор қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Еліме адал
қызмет етемін.
Айымбетов
бұл сапарға 1998
жылдан бері дайындалды. Алайда қаржылық қиындықтар ғарышкердің жолын бөгеп
келді. Әйтеуір ақша табылып, биыл қыркүйектің екісінде Айдын «Союз ТМА-18»
ғарыш кемесінің құрамында Халықаралық ғарыш
стансасына жолдама алды. Оның өзінде ағылшындық әнші Сара Брайтманның ұшпай
қалғаны абырой болып, оның орнын Айымбетов басты. Бұған дейін біздің арнамызға
берген эксклюзивті сұхбатында Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары бұл
сапардың Қазақстанға 20 млн долларға түсетінін айтқан еді. Өзімен бірге алып
кеткен көк байрақты ғарышкер бүгін Президентке табыстады.
Үшінші
ғарышкер Қазақстанның экологиялық проблемаларын ғарыштан зерттеді. Арал
теңізінің тартылуы, Каспий теңізінің ахуалы, мұнаймен ластануы сынды өзекті
мәселелерді зерделеді.
Талғат
Мұсабаев,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
Айдын біз Тоқтар екеуіміз
бастаған Қазақстанның Бесінші ғылыми бағдарламасын орындады. Тоқтар
біріншісін, мен үш бағдарламаны жүзеге асырдым. Ол борт-инженер
ретінде ұшты. Яғни ол кәсіби ұшқыш-ғарышкер деген
сөз. Бүгін ол сол атақты да алды. Біз қазақ ғарышкерлерінің санын арттыру үшін,
ары қарай жұмыс істейміз.
Графика
фейсбук. Ғарыш айдынын бағындырған Айдын
Жерден жарақтағанда, бөркімізді аспанға аттық.
Бүгін де халық әлеуметтік желілер
арқылы қуаныштарын жасыра алмады.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ