$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Алматыда бір күнде әкімнің үш орынбасары жұмыстан кетті

AstanaTV
16.10.2015ж. 20:00
1019
Алматыда бір күнде әкімнің үш орынбасары жұмыстан кетті

Алматы қаласы әкімінің үш бірдей орынбасары бір күнде қызметтен кетті. Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан жазбаша ақпаратқа сенсек, Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев басқа қызметке ауысуларына байланысты, жұмыстан босату туралы арыз жазған.

Бірақ олардың барлығы бірдей бір күнде кетуіне не себеп болғаны белгісіз. Ал орынбасарлардың орнын басқалар басып үлгерді. Бүгін әкімнің шешімімен Арман Қырықбаев және Әсел Жүнісова әкімнің жаңа орынбасарлары болып тағайындалды. Бұрын Зәуреш Аманжолова атқарған ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім секілді бірқатар саланы енді Арман Қырықбаев басқарады. Ал Мұрат Құдышев басшылық еткен экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы саласымен Әсел Жүнісова айналысатын болды. 

Айгүл ЕРМАХАН