Бүгін
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аясында Астанада «Қазыналы Оңтүстік»
көптомдығының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта Оңтүстік өңірінің тарихы мен
мәдени, саяси-экономикалық мұрасы баяндалған. Кітаптар топтамасының тағы да бір
ерекшелігі - кітапқа Оңтүстік аймағының танымал тұлғалардың бұрын-соңды жарық
көрмеген еңбектері енген. Көптомдықтың редакциялық алқа төрағасы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов тірнектеп жүріп жинап,
кітапқа енген әр шығарма рухани дамуға үлкен әсер ететінін атап өтті.
Мекемтас
Мырзахметов, «Қазыналы
Оңтүстік» көптомдығының редакциялық алқа төрағасы:
Қазір
ұлттық ақыл-ойдың рухани археологиясын қазып жатырмыз. Анау бір нәрсені білдіретін болса, рухани археология бір
кітаптың өзі сол қоғамды жан-жақты қылып көрсетіп бере алады. Яғни біз жазған
кітаптардың бәрі дүниенің көрінбеген сырына арналған. Оның барлығы жоқ болып
кеткен. Енді біз керемет байып кетеміз, соны аламыз.
Аталмыш
көптомдық Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің тікелей бастамасымен бес жылдан бері шығарылып келеді. Қазіргі
күнге дейін көптомдықтың 311 томы жарық көрген. Жоба авторлары жоспарға сәйкес
кітаптар сериясы 500 томға дейін жалғасады деп отыр. Көптомдықтың тұсау кесері
тағы да Нұр ОТан партиясының мәдени құндылықтарды дамытуға үлкен үлес қосып
отырғанын дәлелдейді. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының
кеңесшісі Берік Құрманғалидің айтуынша, бұл тек Оңтүстік Қазақстан облысының
тарихы емес, мемлекетіміздің тарихы.
Күлия Айдарбекова, Оңтүстік
Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы:
Келесі
жылдағы жоспарда 49 томын шығарып, жалпы бұл
кітапты 500 томға жеткізуге матеиалдар дайын. 311 томның 211 томындағы
тың дүниелер бұрын-соңды жарық көрмеген дүниелер. Оның ішінде жаңа 30-ға жуық
автор қосылған.