Ал Қостанайдағы шаруалар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қалған егінді
жинай алмай отыр. Жауын-шашын көп болып, күн көзін көрмеген бидай пісіп те
үлгермеген. Сондықтан сапасы да нашар. Осылай деген шаруалар азық-түлік
копрорациясына қарыздарын 3-ші, 4-ші кластағы астықпен қайтармақ ниетті.
Диқандардың өтінішін Меңдіқара
ауданының әкімі жеткізді. Олар көктемде бидай дәнін азық-түлік корпорациясынан
алып, күзде егінмен қайтаруы тиіс болатын. Мәселен, Мендіқара ауданында
3-классты бидайы жалпы егіннің 26 пайызына ғана тең, ал қалғаны - төртінші-бесінші
классты бидай. Осының кесірінен, аграрийлер азық-түлік корпорациясының
алдындағы берешегінен құтыла алмай отыр.
Виктор
Ионенко, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі:
3-классты
бидайдың құны 42 мың теңге, ал төртінші класстың бағасы 27-30 мың теңгенің
аралығында құбылып тұр. Әрине, біз аграрлы аймақ болғаннан кейін бұл мәселе
бізді алаңдатады. Бәріміздің пікіріміз бір жерден шығып отыр - азық-түлік
корпорациясы бізден 4-классты бидайды қабылдаса, жақсы болар еді.