$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мемлекет басшысы бас ұстазды қабылдады

AstanaTV
13.10.2015ж. 20:00
996
Мемлекет басшысы бас ұстазды қабылдады

Білім беру саласына бөлінетін қаражат қысқартылмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдау кезінде айтты. Елбасы әлемдік экономикадағы дағдарысқа және бюджет шығыстарын мәжбүрлі азайту шараларына қарамастан, білім беру саласы ақсаңдамайтынын қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір, міне, дағдарыс деп, барлық жерде қысқартып жатырмыз ғой қаражатты. Бірақ та халыққа білім беру, жастарға білім беру кезінде ақшаны қысқартпаймыз. Білім беру мәселесіне келгенде, үкіметпен тағы қараймыз, шешу керек. Бірақ біраз уақыт жаңа объектілердің құрылысын бастамай-ақ қояйық, басталғанын бітіру керек. Жаңағы үш ауысымды бар, аварийный мектеп бар.

Сондай-ақ, Елбасы мұғалім мәртебесін көтерудің және еңбекақы өсімін оның біліктілік деңгейімен байланыстырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бас ұстазға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА