$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Туысқанның шалыс қадамынан кейін, тағы бір жоғары лауазымды полиция қызметкері орнын босатты

AstanaTV
13.10.2015ж. 20:00
1349
Туысқанның шалыс қадамынан кейін, тағы бір жоғары лауазымды полиция қызметкері орнын босатты

Туысқанның шалыс қадамынан кейін, тағы бір жоғары лауазымды полиция қызметкері орнын босатты. Жұмыстан кетуге өтініш білдірген Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Батырбек Аяғанов. Оның бұндай қадамға баруына полицияда қызмет еткен ағасы Дидарбек Аяғановтың жол-көлік апатына қатысты болуы себеп болған.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Өскемен-Зыряновск тас жолында жол- көлік оқиғасы тіркелген-ді. Онда полиция қызметкері мінген «Тойота» маркалы көлік пен «ВАЗ-2106» автомашинасы бетпе-бет соқтығысқан болатын. Салдарынан ресейлік көлікте болған үш жолаушы мен жаңа туған бала мерт болған. Ал тергеу амалдарының нәтижесі бойынша жол-көлік апаты кезінде полиция қызметкерінің мас болғаны анықталған.

Ераман Өтешев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы:

Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша полиция қызметкерінің мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Зырянов аудандық сотының шешімімен ол қамауға алынды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша, жол ережесін бұзу салдарынан абайсызда екі және одан да көп адам өліміне әкеп соққан бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша бас бостандықтан айыру мерзімі 5-тен 10 жылға дейін қарастырылған. 

Жұрағат БАМАН