$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Шымкент зообағындағы сусиырдың төліне қала әкімі «Глория» деген есім берді

AstanaTV
13.10.2015ж. 20:00
1600
Шымкент зообағындағы сусиырдың төліне қала әкімі «Глория» деген есім берді

Шымкент зообағындағы сусиырдың баласына «Глория» деген есім берілді. Мұндай атты кішкентай бегемотқа шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов беріпті.

Латифша Әлиев, Шымкент мемлекеттік зообағы директорының орынбасары:

Туылған күні бізде жаңадан әкім келді және жаңадан әкімді тағайындаған уақыт қой. Сонда келгенде, біз өзіміз айттық, бегемоттың баласының атын әкім қойсын деп. Оның атын әкім қойды, «Глория» деген. Қазір жағдайлары жақсы.

Кішкентай Глорияның туғанына бір айдан асты. Ол анасының жанында өзін еркін сезінеді. Суға сүңгіп те алды. Кішкентай бегемот хайуанаттар бағына келушілердің ең сүйікті жануарына айналған. «Глория» әйгілі «Мадагаскар» мультфильміндегі  бегемоттың ныспысы екенін айта кетейік. Бұл атты таңдауға қала тұрғындарынан да түскен өтініштер ескеріліпті. Ағылшын тілінен аударғанда Глория «танымалдылық» деген мағынаны береді. Сондықтан еліміздегі үшінші мегаполисі саналатын шаһардың танымалдылығын арттыруға септігі тиеді деген сенім болды, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.