$518.97 €607.3 ₽6.64
×

ЭКСКЛЮЗИВ: «Эйр Астана» Сириядағы жағдайға орай рейстердің бағытын өзгерте бастады

AstanaTV
15.10.2015ж. 20:00
1011
ЭКСКЛЮЗИВ: «Эйр Астана» Сириядағы жағдайға орай рейстердің бағытын өзгерте бастады

Каспий теңізі арқылы ұшу қауіпті. Бұдан былай қазақстандық әуе компаниялары да Каспийді айналып ұшады. Бүгін «Эйр Астана» Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстердің маршрутын өзгертті. Бұл туралы біздің арнаға компания өкілдері эксклюзивті сұхбат берді. Сондай-ақ, жақын күндері Алматы-Тбилиси-Стамбұл-Алматы бағытымен ұшатын әуе кемелерінің де бағыты өзгереді. Ұшақтар Каспийді айналып өту үшін негізінен солтүстікке қарай бағытталады. Қазір ұлттық әуе тасымалдаушы оператор Ресей үкіметінің шешімін күтіп отыр. Себебі аталған рейстер осы елдің аумағын басып өтеді. Бұл шешім, әрине, уақыт пен жанармай шығынын арттырады. Бірақ компания өкілдері бұл билеттің құнына әсер етпейді деп отыр. 

Тілек Әбдірахимов, «AIR ASTANA» компаниясының БАҚ-пен байланыс департаментінің менеджері:

Қазір біздің ұшақтар мүмкіндігінше солтүстік бағыт бойынша ұшуы тиіс. Тиісінше рейстердің ұшу ұзақтығына да өзгеріс енеді. Бұрынғы 3 сағат 25 минуттың орнына 3 сағат 40 минут ұшуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар бұл жағдайға түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Бұл әуе қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Еске салсақ, 10 қазанда Ресейдің әскери теңіз күштері Сирияның террорлық топтарына қарсы қанатты зымырандарымен күш қолданған болатын. Ракеталар Каспий теңізі арқылы өтіп, діттеген жеріне жетті. Осы орайда, Еуропа әуе қауіпсіздік агенттігі теңіздің үстімен ұшатын азаматтық авиация ұшақтырын сақтыққа шақырған. Күні кеше Гонконгтың Cathay Pacifiс ірі әуе компаниясы Иранға Каспий теңізі арқылы ұшуын тоқтатты. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ