$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ақтаудағы әскерилердің қаза болуына адами фактор себеп

AstanaTV
15.10.2015ж. 20:00
1286
Ақтаудағы әскерилердің қаза болуына адами фактор себеп

Ақтаудағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер өліміне адами фактор себеп. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген Қорғаныс министрлігінің мамандары зерттеу қорытындысын жариялады. Министрліктің Бас инспекция басшысы Құрбан Қаражановтың айтуынша, гарнизондағы жаттығу кезінде әскерилердің іс-қимылын реттеудің қарапайым ережелері сақталмаған. Арнайы құрамның базалық негізді білмеуі мен басшылық бақылауының әлсіздігі осындай апатты жағдайға әкелген.

Естеріңізге салайық, 18 қыркүйек күні Ақтауда «Орталық-2015» оқу-жаттығуында «теңіз десантын түсіру және плацдармды оқшаулау» эпизодын өткізу кезінде теңізге «БТР-80» маркалы алты бірлік техника және 52 әскери қызметкер шықты. Теңізбен 150 метр жүргеннен кейін қатты дауыл тұрып, көтерілген биік толқыннан төрт бірлік «БТР-80» су астына кетті. Салдарынан мерзімді қызметтегі төрт сарбаз қаза тапқан болатын.

Жұрағат БАМАН