$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қырғызстан қашқын лаңкестер жайлы мәлімет бергендерге сыйақы тағайындады

AstanaTV
15.10.2015ж. 20:00
1591
Қырғызстан қашқын лаңкестер жайлы мәлімет бергендерге сыйақы тағайындады

Қырғыз елінің күш-құрылымдары түрмеден қашып шыққан экстремистер жайлы қандай бір мәлімет бергендерге сыйақы тағайындады. Көрші елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер, қашқындар елден ұзаған жоқ, Қазақстан аумағына өтіп үлгермеді, деп сендірді. Төрт күннен бері іздестіріліп жатқан лаңкестер туралы ақпарат жеткізген адамға 300 мың сом сыйақы, яғни шамамен 4,5 мың доллар беріледі.

Еске салайық,12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, қашып кеткен. Олардың бесеуі ұсталды. Қашқындардың барлығы теракт жасамақ болды деп айыпталған. 8-і өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Барлығы Қырғызстанда заңсыз деп танылған «Жайшул-Махди» тобының өкілдері.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ