Қыстың
көзі қырауда кейбір қызылордалықтар жылусыз отыр. Қаладағы 60 көпқабатты тұрғын үй, 3 мектеп
пен 1 балабақшаға жылу әлі жетпеген. Себебі «Ақмешіт» пен «Мерей» мөлтек
аудандарындағы жылу құбырын жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Құбырды жөндеп
жатқандар, керекті жабдықтар кешігіп жеткізілді, деп отыр. Қазір екі учаскеге
дәнекерлеушілердің 15 бригадасы жұмылдырылып, жұмыс қарқын алған. Оларға ауа
райы да қарасып тұр. Мамандар, келесі аптадан бастап облыс орталығы толық жылумен
қамтылады, деп отыр.
Өтеулі
Ахметов, «Қызылорда
жылу электр орталығы» МКК басшысының орынбасары:
10 фура біздің 700
метрлік трубаны Қарағандыдан ұстап, екі аптадай тұрып қалып, соның салдарынан
трубаның кеш келуіне байланысты 2-3 күнге шамалы кешігу болады. Жеті күнде, 22-23 қазанға дейін, толық қалаға жылу береміз деп айта аламыз.
Шарипа САҚТАПОВА