$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Көксу зауыты қант қайнату науқанын бастады

AstanaTV
15.10.2015ж. 20:00
2262
Көксу зауыты қант қайнату науқанын бастады

Алматы облысында отандық қант өндірісі қайта жанданды. Екі жыл бойы тұралап қалған Көксу зауыты қайта жұмысын бастап, тәулігіне 150 тонна шекер шығарып жатыр. Биыл қызылшаның шығымы рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Шаруалар жоспарлаған 300 центнердің орнына жиын-терімді екі есе көп жинады. Бүгінде Көксу зауыты бүгінде 750 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Екі жыл қаңырап тұрған мына нысан биыл қайта қалпына келтіріліп, жұмысын бастады. Мұнда тәулігіне 1600 тонна қызылша өңделеді. Сөйтіп, алғашқы өнім көлемі 150 тонна қантты құрады.

Айтбала Молтаева, қант өлшеу цехінің жұмысшысы:

Зауытымыз тоқтап қалып еді, міне, жүріп, Көксу қанты түсіп жатыр. Бәріміз қуаныштымыз. Жұмыс болып жатыр.

Биылғы жиым-терімнің молынан болуын шаруалар сапалы тұқыммен байланыстырып отыр. Жергілікті билік бұл іске 76 млн теңге бөліп, қомақты қаржыға франциялық тұқым сатып алынған. Қазір зауытқа бес ауданның қожалықтары өз өнімін тапсыруда.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

Елбасы осы Жетісу өңіріне келгенде бізге тікелей тапсырма берген. Қызылшаны өсіріп, соны өндіруді орнына келтіріңдер деп. Міне, 4000 астам қызылша ектік. Келесі жылға жоспарымыз - 6 мың. 2020 жылға 500 мың дейін жинаймыз деп, алдымызға жоспар қойып отырмыз.

«Қант орталығы» құрылтайшылары бұл нысанға 360 млн теңге инвестиция құйды. Бүгінде олар өңірдің 273 жеке шаруашылығымен келісімшартқа отырған. Қызылша тоннасын 13 мың теңгемен қабылдайды. Сөйтіп, қанттың орташа құны отандық тұтынушылар үшін 180 теңге болмақ.

Нұрлан Тілеубаев, Көксу қант зауытының құрылтайшысы:

Қант Қазақстанда егілген қызылшадан алынды. Өзіміздің шикізатымыз. Біз үшін неге маңызды десеңіз, негізі еліміз қантты сырттан әкелетін бұрын. Өйткені қызылшаны өсіру оңай емес, тек суармалы жерде ғана өседі бұл өнім. Ал ондай жерлер бізде аз болатын.

Қызылша өсіру жобасының басты мақсаты - қазақстандық нарықты отандық қантпен толықтай қамту. Сондықтан келер жылы зауыт өнім көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ