$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Астана қаласының бала-бақшаларында оқу бағасы бірден алты мың теңгеге көтерілуі мүмкін

AstanaTV
15.10.2015ж. 20:00
Астана қаласының бала-бақшаларында оқу бағасы бірден алты мың теңгеге көтерілуі мүмкін

Астана қаласының бала-бақшаларында оқу бағасы бірден алты мың теңгеге көтерілуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті білім басқармасы өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, бұл мәселе қаралып жатқан көрінеді. Ал бағаның бірден алты мыңға шарықтауының себебін, жауапты ведомство өкілдері елдегі азық-түлік қоржынының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Әрі соңғы 5 жылда баға өзгеріссіз болған.

Манат Ақмолдаева, Астана қаласы білім басқармасының бас маманы:

Ата-аналардың төлемақысы 8 мың мен 10 мың аралығында болса, ендігі жерде ол 14 мың мен 16 мыңның аралығында көтеру жоспарланған. Ол көтеру мәселесі көптеген көрсеткіштерге байланысты қарастырылған. Оның ішінде ең негізгісі, азық-түлік қоржынының қымбаттауына байланысты болып отыр. Астана қаласында 2010 жылдан бастап төлемақы қымбаттаған жоқ. Сондықтан енді осы мәселе тиісті органдардың келісілуінде. 

Ал Астанадағы кейбір жеке-меншік бала-бақшалар елдегі экономикалық жағдайға байланысты ата-аналармен жасасатын келісімшарттарға өзгерістер енгізген. Онда баланың тамақтануы мен оқу құны уақытылы өтелмесе, сондай-ақ бала оқу бағдарламасын игере алмаған болса, оны бақшадан шығарып салу секілді пункттер пайда болған. Бұл туралы толық материалды 20:30 бағдарламасынан көре аласыздар.

Жұрағат БАМАН