Жаңа
жылдан бастап «Болашақ»
бағдарламасының стипендианттары үшін талап-ережелер өзгереді. Бұл жайында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ
президенті Ғани Нығметов мәлімдеді. Айтуынша, бұдан былай «Болашақ» бағдарламасымен білім аламын деушілердің кем дегенде екі жылдық жұмыс өтілі болуы шарт.
Емтихан тапсыру талаптары
да күшейтілген. Мәселен, ағылшын тілін тапсыру үшін шектік меже 5,0 баллға дейін көтерілген. Сонымен қатар абитуриенттің GPA диплом баллының межесі бір стандартқа
келтірілді. Ол 3 баллаға теңестіріліп отыр.
Ғани
Нығметов,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:
Келесі жылдан бастап MBA
бағдарламасы жүзеге асатын болады. Яғни мемлекет 10 азаматқа 10 стипендия
бөледі. Олар әлемнің үздік 10 бизнес мектептерінде білімдерін жалғастыруға
мүмкіндік алады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА