$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Қырғызстанда колониядан қашқан экстремистердің біреуінің көзі жойылды

AstanaTV
16.10.2015ж. 20:00
Қырғызстанда колониядан қашқан экстремистердің біреуінің көзі жойылды

Қырғызстанда колониядан қашқан экстремистердің біреуінің көзі жойылды. Бұл туралы эксклюзивті сұхбат берген Қырғызстандағы жазаны орындау қызметінің баспасөз хатшысы мәлімдеді. 

«Дордой» базарында арнайы операция кезінде колониядан қашқан екі қылмыскер анықталған. Бірақ оларды ұстау кезінде біреуі пышақпен арнайы жасаққа қарсы жүгіріп, оққа ұшқан. Көзі жойылған қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылған Данияр Қадырәлиев болып шықты. Ал осы кезде екіншісі қоршаудан сытылып кеткен. Қазір қалған 3 қылмыскерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Александр Никсдорф, Қырғызстан Республикасы жазаны орындау мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы: 

Біз іздестіруді кеше кешке бастадық. Өйткені қылмыскерлер сол жерде екені туралы ақпарат түсті. Таңертеңге жуық оларды таптық. Іздеу кезінде кедергі келтіргені қылмыскерлер сақал-мұрттарын қырып тастап, бет-әлпеттерін өзгертіпті. Төрт қылмыскер қашқан кезде бірден екі-екіден екіге бөлініп, жан-жаққа қашқан.

Еске салайық, 12 қазанда Қырғызстанда өмір бойына бас бостандықтарынан айырылған 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі сол күні «жедел іздестіру» шарасы барысында ұсталып, төртеуі сытылып кеткен болатын. Олардың екеуі Қырғызстанда заңсыз деп танылған "Жайшуль-Махди" экстремистік террорлық тобының өкілдері. 

Берік ХАСЕНОВ