$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ТМД елдері терроризмге тойтарыс бермек

AstanaTV
16.10.2015ж. 20:00
2204
ТМД елдері терроризмге тойтарыс бермек

ТМД елдері терроризмге бірігіп тойтарыс береді. Бүгін достастық елдері Бурабай баурайында өткен кеңесте осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Шағын құрамда өткен жиын кезінде Владимир Путин Сириядағы қақтығыстарға арласқан Ресей әскері қысқа мерзімде жеңістерге қол жеткізгенін атап өтті. Бүгінгінің «тажалына» айналған терроризм аумақ тұтастығына қауіп төндіріп тұр, сондықтан іргемізді бекіту үшін, күш біріктіру қажет, десті президенттер. Ал күннің екінші бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі мәселелері талқыға түсті. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Бурабайдағы кеңеске ТМД-ға мүше 11 мемлекеттен 8 президент келді. Молдова және Түркіменстан президенттері салмақты себептерге байланысты бүгінгі жиынға қатысқан жоқ. Молодовада наразылық шаралары өтіп жатқалы бір айға жуықтады. Оған себеп елдегі банктерден миллиардтаған ақша жоғалып, офшорға аударылған. Тіпті Үкімет басшысы тұтқындалып жатыр. Ал радикалдар кесірінен Түркіменстан мен Ауғанстан шегарасында ши шығып жатқаны мәлім.

Бүгін кеңесте тараптар аймақтың тыныштығын қашырып тұрған осы терроризмге бірігіп тойтарыс беру туралы уағдаласты. Сириядағы қақтығысқа Ресейдің бел шешіп, араласуы, іргедегі тәліптерден төнген қауіп ТМД-ның жұмысын ширата түскендей. Бұрынғыдай жайбарақат жиындар өткізетін кез емес. Ресей лаңкесерге қарсы ашық соғыс жариялаған соң, тұтас аймақтың ұстанымы айқындалып шыға келгендей.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Как я уже говорил с трибуны ООН, надо создать всемирную сеть борьбы с террористическими организациями с одобрения ООН. Нам следует усилить работу по этому направлению, максимально использовать потенциал Антитеррористического центра СНГ. Поэтому сегодняшнее принятие заявления глав государств СНГ по случаю 70-летия создания ООН по борьбе с международным терроризмом является как никогда своевременным.

Түс ауа одақтас елдер саясаттан экономикаға ойысты. Биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына енген Қазақстан 3500 тауарды елге тасымлдау бойынша кедендік жеңілдіктерге қол жеткізген. Бізге арзанға түскен бұл тауарлар Кеден одағы елдеріне дәл сол бағамен тарап кетпеуі тиіс. Яғни реэкспортқа жол берілмеуі керек. Президенттер бас қосардан бір күн бұрын Үкімет мүшелері осы және өзге де сұрақтарды алдын ала пысықтаған. Тараптар күндізгі сағат төртте прессаға шығып келіссөз қорытындысын жариялауы тиіс-тін. Бірақ жиын қас қарайғанша созылды. Соған қарағанда, одақтастар ортақ шешімге оңайлықпен келген жоқ. Әлбетте, онсызда қиын-қыстау  кезеңде ешкім есесін жібергісі келмейтіні анық. Ал  бүгін жабық есік жағдайында одақтас елдер 15 сұрақты үш сағатқа жуық талқылады. Қандай шешімдер қабылданғаны белгісіз. Ақпарат құралдары адында тараптар бірден қол қоюға кірісті. Сондай-ақ соңғы 4 жыл бойы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық комиссияға төрағалық еткен Виктор Христенконың бүгін құзіреті аяқталды. Беларусь президенті Александр Лукашенко жаңа төрағаны таныстырды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ