Бүгін
Қазақ елі тағы бір қаранар азаматын жер қойнына тапсырды. Атырау жұртшылығы белгілі мұнайшы, мемлекет
және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Ол
68 жасына қараған шағында қатерлі ісік ауруынан көз жұмды. Қаралы митингке жиналған халықта есеп болмады. Екі сағат бойы атпал
азаматпен үздіксіз қоштасып жатты. Орны толмас қазаға көңіл айтуға Үкімет
басшысы Кәрім Мәсімов бастаған белгілі саясаткерлері келді.
Кәрім
Мәсімов,
ҚР Премьер-министрі:
Нұрлан
Өтепұлының тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан үлесі мен ел алдындағы еңбегі баршаңызға белгілі. Өмірінің соңғы сәттеріне
дейін бізге ағалық ақыл-кеңесін беріп жүрді. Бай тәжірибесімен бөлісіп отырды.
Нұрлан Өтепұлының өмір жолы бәрімізге үлгі. Сондықтан ауыр қайғы біздің
жанымызға ерекше батып отыр. Мен жеке өзімнің және бүкіл Үкімет мүшелері атынан
марқұмның отбасына, туған-туысқанына қайғырып көңіл айтамын.
Нұрлан
Балғымбаев еңбек жолын қарапайым
мұнайшыдан бастап, премьер-министрлікке
дейін көтерілді. Президент кеңесшісі де болды. Қазба байлықтарды тиімді игеруде ауқымды жобаларды іске асырды. Марқұм
өмірінің соңғы екі айында туған жері Атырауға оралған екен. Өсиеті бойынша,
туған топырағында, анасының қасында жерленді. Қаралы жиынға жиналғандар
марқұмның азаматтығы мен адамгершілік биіктігін айтып, қимай қоштасты.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ