$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Б.Шүкеновтің отбасына марқұмның атындағы қор жобаларының есебінен қаражат жиналмақшы

AstanaTV
16.10.2015ж. 20:00
1668
Б.Шүкеновтің отбасына марқұмның атындағы қор жобаларының есебінен қаражат жиналмақшы

Әнші Батырхан Шүкеновтің АҚШ-тағы отбасы далада қалды. Қазір достарының үйін паналауға мәжбүр. Бұл ақпарды арнамызға сұхбат берген әртістің атындағы қор директоры Олжас Байқанов растады.

Айтуынша, Батырханның отбасы АҚШ-та жалдамалы пәтерде тұрған. Оның ақысын көзі тірісінде әншінің өзі төлеп отырыпты. Ал Батырхан қайтыс болғалы, пәтерақысы төленбей қалса керек. Қазір сазгердің тума-туыс, достары Катя мен Мақсұтқа пәтер сатып әперу үшін, қаражат мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Еске сала кетейік, әнші, сазгер Батырхан Шүкенов ағымдағы жылдың сәуірінде 52 жасында  жүрек талмасынан қайтыс болды. 

Олжас Байқанов, Батырхан Шүкенов атындағы қор директоры:

Батырхан тірісінде әйелі мен баласына АҚШ-тан үй салып бермек болған. Бірақ үй құрылысының қаражаты толық төленбеген. Біз сол жақтан тым құрығанда пәтер сатып алуы үшін, Б.Шүкенов атындағы қор жобаларының есебінен қаражат жинамақпыз. Қазір сазгердің бұрын жарық көрмеген қазақ тіліндегі үнтаспаларын шығарып, концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Айгүл ЕРМАХАН