Ғаламтор
телеарналардың жұмысына қауіп төндіре ме? Дағдарыстан ақпарат құралдары қалау
шығуы керек? Отандық БАҚ индустриясындағы осы және өзге де проблемалар Алматыда өткен тұңғыш медиа саммитте сөз болды.
Медиа саласында өз ісінің кәсіпқойлары Алматыда бас қосты. Шетелден келген
мамандар қазақстандық индустриямен танысуға ден қойса, отандық БАҚ жетекшілері
келелі мәселелерге назар аударды.
Виктор
Елисеев, медиа саммитті ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
Қазіргі қазақстандық медиабизнесте не болып жатқанын түсінгіміз келеді. Осындай шаралар
қазақстандық мамандарға қосымша күш, жаңа шабыт береді деп үміттенеміз.
Сондай-ақ, осы жиында интернет-порталдар да назардан тыс қалған жоқ. Сарапшылар
пайымынша, қазақстандық медианарық үнемі жаңару үстінде. Айта кетейік, жуырда Ютубтың қазақстандық
нұсқасы іске қосылды. Демек, ғаламтор қолданушылар арасында өз өнімдерін сайтқа
салып қаржы табуға мүмкіндік туды.
Юрий
Хазанов, Ресей
мен ТМД елдеріндегі YOUTUBE серіктестік бағдарламаларының директоры:
Бұл нұсқаның қаншалықты сәтті
шығатынын болжау әлі ертерек. Дегенмен, қазірдің өзінде жарнама берушілер мен
тұтынушылар тарапынан қызығушылық артып келеді.
Ғаламтор кең пайдаланылып отырғанымен, ол телевидение қызметін нарықтан ысыра
алмайды. Бұл дақпыртты сарапшылар сейілтті.
Алексей
Пивоваров, Ресейдің
«СТС Медиа» холдингі трансмедиалық жобалар департаментінің директоры:
Бұл
теледидар
ешқайда кетпейді. Керісінше. Дағдарыс, digital. арқылы жарнамалық бюджетті
қайта бөлісуге жағдай жасайды. Жарнама
берушілерге қолайлы тәсілмен бірге біздің өнімдер арқылы пайда табуға да
мүмкіндік берілмек.
Қазір қазақстандық арналар негізінен шетелдік өнімге тәуелді. Отандық контент, шетелдік өнімге қарағанда, қымбатқа түседі. Дегенмен, жиналғандар, Украина мен Түркия тәжірбиесін
пайдалана отырып, шетелден келетін
контенттерге шектеу қойылу керек, деді. Сол кезде отандық өнімнің саны артады.
Ал бұл бағаның төмендеп, сапаның артуына жол ашпақ.
Самат ҚАНАҒАТОВ