Қарағандылық
студенттер дау-дамайды бейбіт жолмен шешу жолдарын үйренуде. Бұл жайында облыстық
ішкі саясат басқармасы ұйытқы болған «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу»
семинарында айтылды.
Өндірістік орталық саналатын
Қарағандыда үнемі дау-дамайдың туындап тұратындығы белгілі. Сондықтан өзара келіспеушілікті үлкен жанжалға ұластырмай, дер кезінде шешу өте маңызды және көптеген жағдайды тұрақтылықты ұстауға зор
ықпалын тигізеді, - дейді семинарға қатысушылар. Шараның мақсаты - кәсіпорын
басшыларына қарамағындағы жұмысшыларының өте қажет маман екендігін түсіндіру, тіпті жанжал ушыққан жағдайда
медиация институттары арқылы шешуге болатындығын ұғындыру.
Татьяна
Савицкая, «Диалог» жанжалды шешу орталығының директоры:
Біздің мақсатымыз - дау-дамайды дер кезінде тоқтатуды, тіпті оның алдын-алуды
үйрету. Ел ішіндегі тұрақсыздық кейбіреулерге тиімді болуы мүмкін. Сондықтан
сұхбат құру арқылы, кез келген жанжалды шешуге болатындығын, түсіндіргіміз
келеді. Ортақ мәміле бар жерде, артық сұрақ болмайды ғой.