Балалар
планшет «құлына»
айналып барады. Оған тәуелділік - қауіпті құбылыс. Гаджеттердің бала
психикасына, денсаулығына зияны көп екенін, дамуын тежейтінін технологияларды
шығаратындардың өздері біледі. Мысалы, «Apple»-дің
атасы Стив Джобс балаларының планшетке «құл» болмауын қадағалаған. Алайда
ата-анаға әл бермейтін балалар көбейіп барады.
Мен төбелес ойындарды ойнағанды жақсы көремін. Өйткені
ол оларды тебеді, ұрады. Демалыс күндері
көп ойнаймын.
Әйгерім
Ілиясовк,
ата–ана:
Ойнап
отырса, тек қана көзі осында, тамаққа шақырсам, естімейді. Ерсұлтан деп, үш рет
шақырғаннан кейін «ау» деп жауап береді.
Балалардың
гаджетке тәуелділігінің зардаптары туралы ертең, сенбі 20.30-да, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық
бағдарламасынан «Естімейді, көрмейді, сезбейді» арнайы репортажын
көріңіздер.