$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Владимир Путин Қазақстанда тұңғыш атом электростанциясын салатындарын ашық айтты

AstanaTV
17.10.2015ж. 20:30
1273
Владимир Путин  Қазақстанда тұңғыш атом электростанциясын салатындарын ашық айтты

Сонымен Ресей президенті елімізге мемлекеттік сапар жасады. Ресей Қытаймен сауда-саттық жүргізу үшін Қазақстанның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Нақтырақ айтсақ, Ресей Қазақстан арқылы Қытайға өтетін мұнай құбырлары мен Каспий теңізі бойымен Парсы шығанағына жол ашатын жаңа темір жол торабын пайдалануға ниетті.

Сондай-ақ, құрылысы аяқталуға жақын Еуропа мен Қытайдың батысын байланыстыратын дәліздің жайын сұрастырған сыңайлы. Ал  қол қойылған құжаттардың бірі - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлісу жөніндегі құжат.

Владимир Путин, Ресей президенті:

Бұл келісім екі мемлекетке «Центральная» құрылымындағы үлкен көмірсутек кен орындарын өндеуге мүмкіндік береді.

Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков -бұл келісім Каспийдің «Центральное» кен орнын барлау мен мұнай өндіруге 25 жылға жол ашады  деген-ді. Қол қойылған тағы бір құжат - Ресейдің «Домбаровский» пунктінен зымыран ұшыру жөніндегі келісім. Тағы сол Ушаковтің айтуынша, Орынбор облысының аумағынан ұшырылған зымыранның қалдықтары құлауы үшін Қазақстан жерін жалға алуына Қазақстан өкіметі қарсы емес. Оған орыстар жылына 460 мың доллар төлейді.
 Кездесуде геосаяси мәселелер қаралды. Бұл жолы Украина дағдарысы «Минск келісімдерімен реттелуі керек» деп қысқа қайырылды. Ал Сирия бойынша: 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір«сүннит» және «шиит» мұсылмандар мәселесін өршітіп жатқан әңгімелер көбейді.Олар мүлдем негізсіз. Себебі Сириядағы жағдай - барша адамзаттың қаупі. Әсіресе,орталық азия өңіріне. Біз Түркіменстан шекарасында болған жағдайдан хабардармыз, Тәжікстан да оған алаңдаулы.

Біз мән берген тағы бір мәселе: В.Путин еліміздегі алғашқы атом электрстансасының құрылысын бастайтындарын ашық айтты. Бұған дейін жоба құрылысын Жапония немесе Қытайдың да  жүргізулері мүмкін екені сөз болған. Демек, бұл мәселе бойынша  шешім қабылданған. Ресей пайдасына. Бір «қызығы», бұл мәселе бір –ақ сөйлеммен айтылды. Және бір «қызығы», сапардың алдында біздің арна тілшілері «Қазатомпром» компаниясының өкілдеріне «Росатом» -нан делегация келе ме, қандай да бір жаңалық бар ма?- деген сауал қойғанда, «жоқ, ешқандай жаңалық жоқ» деген. Ал Ресей президентімен келген делегация құрамында «Росатомның» басшысы Сергей Кириенко жүрді...    

Владимир Путин, Ресей президенті: 

С 2000 года в синхронном режиме функционирует и энергосистемы двух стран.Разрабатывается система создания общего рынка электроэнергии России и Казахстана. Полным ходом реализуется и проект по реконструкции Экибастузской ГРЭС-2, готовимся к возведению в Казахстане первой атомной электростанции.

2000 жылдан бері екі елдің энергия жүйесі синхронды дамып келеді. Ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру жүйесі жасалып жатыр. Екібастұздағы ГРЭС-2 –ні реконструкциялау жобасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Қазақстанда тұңғыш атом электрстанциясын салуға дайындалып отырмыз.

Ал жұмада Бурабайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы, сосын Еуразиялық экономикалық Одақтың жоғары экономикалық кеңесінің  САММИТ-і өтті.

Тоқталатыны -  ТМД аясында шекаралар бойында дағдарысты жағдай туа қалса, оны реттеу үшін шекара және басқа да құрылымдардан арнайы топ жасақтау  туралы келісім жасалды. Бірден, соңғы кезде тәлібтер қайта күшіне енген Ауғаныстан еске түседі...  

Ал Бурабайдағы ең «қызық» дейікші, оқиға мынау: миллиардер Болат Өтемұратов  Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи – суретке түспекші болған, сөйтіп жанына тұра қалып, Айфон телефонын алға созған. Мемлекет Басшысы миллиардерді қолымен қағып, Өтемұратов мұратына жете алмай қалды.