$498.51 €522.84 ₽4.81
×

2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді - Н.Назарбаев

AstanaTV
19.10.2015ж. 20:00
1411
2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді - Н.Назарбаев

Нағыз дағдарыс енді басталады. Бұл 2007-2009 жылдардағыдан да жойқын. Бүгін Ақордада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовты қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Сондықтан Үкіметке дағдарысқа төтеп берер жаңа жоспар әзірлеуді тапсырды.

Елбасы бүгінде ел экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Энергия тасымалдау құнының төмендеуінен бюджет кірістері 40 пайызға қысқарған. Сонымен қатар, экспорттық тауарлардың негізгі түрлерінің, соның ішінде қара және түсті металлдардың, көмірдің бағасы арзандағанын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы күрделі ахуалға қатысты тұжырымдар Қытай, АҚШ, сондай-ақ Ресей басшылығымен болған келіссөздердің негізінде жасалып отырғанына назар аударды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын. 

Берік ХАСЕНОВ