$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Қазақстан мұнай экспорттаушы елдер ұйымының техникалық жиынына қатыспақ

AstanaTV
19.10.2015ж. 20:00
7886
Қазақстан мұнай экспорттаушы елдер ұйымының техникалық жиынына қатыспақ

Қара алтын құнын көтеру үшін, мұнай өндірісін кезең-кезеңмен төмендету қажет. Бұл жаңа стратегияны венесуэлалықтар мұнай экспорттаушы елдер ұйымының техникалық кеңесінде талқыламақ. Рейтерс агенттігінің мәліметінше, аталмыш жиынға ұйымға мүшелік етпейтін 8 ел қатысады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ал кеңестің негізгі мақсаты - мұнай бағасын барреліне 70 доллардан төмендетпеу болып отыр.

Айта кетерлігі, қазір қара алтынның бір баррелі 50 долларға саудалануда. Жалпы ОПЕК жиынына Әзірбайжан, Бразилия, Колумбия, Мексика, Норвегия, Оман және Ресей мемлекеттері қатысады деп жоспарланған.

Еске салсақ, ОПЕК-тің қазан айындағы болжамынша, Қазақстанда мұнай өндірісі тәулігіне 20 мың баррельге дейін төмендеуі тиіс болған. Осылайша, елімізде 2015 жылы қара алтын өндірісі орташа есеппен 1,62 миллион баррельді құрамақ.

Жұрағат БАМАН