$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Павлодарлық азаматтың өндірістік жарақаттан жұлынған қолына қан жүгірді

AstanaTV
19.10.2015ж. 20:00
1680
Павлодарлық азаматтың өндірістік жарақаттан жұлынған қолына қан жүгірді

Павлодарлық хирургтер ерекше ота жасады. Олар өндірістік жарақат алған азаматтың жұлынып қалған қолын орнына қайта тікті. Қазір қан айналымы ретке келген. Енді жүйке жүйесін қалпына келтіретін тағы бір операция жасауды жоспарлап отыр.

Оқыс оқиға қазанның 7-сінде болған. Бетон зауытында болған төтенше жағдай кезінде 27 жастағы Андрей Гореглядтың сол қолы білегінен жұлынып кеткен. Жедел ауруханаға жеткізілген азаматқа шұғыл ота жасалған. Бес бірдей маман үзілген қолды кезең-кезеңмен тіккен. Алдымен сүйектері орнына келтіріліп, сіңірлері жалғанды. Содан кейін тамырлары тігілген. Отаны жүргізген Сәбит Жүсіповтің айтуынша, мұндай жарақатта әр минут бағалы. Айта кету керек, мұндай операция Павлодар облысында алғаш рет жасалып отыр.  

Сәбит Жүсіпов, Павлодар қалалық №1 ауруханасынің қан тамырлар хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Қол жұлынып түскен. Күмәннің болғаны рас. Ал, қазір орнына қайтарылған қолда қан жүгіріп, жағдайы жақсарып келеді.

Андрей Горегляд:

Өз қолымды қайта тігіп бергеніне қуаныштымын. Енді бұл менің қолым, протез емес. Сондықтан болашақта сол қолымды бұлғап, саусақтарымды қозғалтатын да шығармын.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ