Өскеменнің этноауылында «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының аллеясы ашылды. Бүгін аймақтағы партия белсенділері қайың мен шетен ағаштарының жас көшеттерін отырғызды. Этноауылдан аллея үшін өңірдің суық ауа-райына бейімделген жас көшеттер әкелінген. Ағаш отырғызуға партия өкілдері балалары мен достарын ерте келіпті. Өндірісті Өскемен үшін жасыл желек ауадай қажет екенін, жиналғандар жақсы түсінеді.
Бұл маңызды акцияны нұротандықтар биылғы бастауыш партия ұйымдарының жылына арнапты. Облыста 322 бастауыш партия ұйымы бар. Оның құрамына 70 мыңға жуық адам тіркелген. Нұротандықтардың белсенді өмірлік ұстанымдарының арқасында қалалар мен аудандардағы көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары жолға қойылған. Әсіресе, балалар алаңдары мен саябақтар ашылып, аялдамалар орнатылуда. Алдағы көктемде этноауылдағы жаңа аллеяда қала демалушылары үшін есімдер жазылған тақтайшалар мен орындықтар қойылады.
Досым Қалдыбаев, ШҚО статистика басқармасының маманы, «Нұр Отан» БПҰ мүшесі:
Өзіміздің үлесімізді көгалдандыруға, Қазақстанды көгалдандыруға қосайық деген ниетпен келдік. Бүгін 100 түп ағаш егіп, оның ішінде қайың, рябина ағаштарының түрлерін егіп, артынан оларды күтіп-баптап, олардың өркендеп, өсуіне қараймыз. Өзіміз сурарып бәрін.