$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қазақстанда ДАИШ террористік ұйымының үгіт-насихатына қарсы арнайы оқу құралы таратылмақ

AstanaTV
20.10.2015ж. 20:00
1105
Қазақстанда ДАИШ террористік ұйымының үгіт-насихатына қарсы арнайы оқу құралы таратылмақ

Қазақстанда ДАИШ террористік ұйымының үгіт-насихатына қарсы арнайы оқу құралы таратылмақ. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне сұхбат берген Ресейдегі Қоғамдық палата төрайымы Елена Сутормина мәлімдеді. Оның айтуынша, оқу құралында экстермистер арбауына иланбаудың амалдары, ал ұйымға түсіп қалған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігі жазылмақ. Сондай-ақ террористік ұйым мен олардың мүшелері туралы ақпарат беру көзделген. Қазір оқу құралы арнайы қызметтің тексеруінде өтіп жатыр. Ол 1-2 айда Ресей және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарында таратыла бастайды.

Елена Сутормина, Ресей федерациясының қоғамдық палата төрайымы:

Сириядағы ахуал қазір бәріне мәлім. Қазір сол террористік ұйымдардың мүшелері өзге мемлекеттерге еніп, үгіт жұмыстарын жүргізуі қаупі төніп тұр. ДАИШ мүшелері әсіресе Ауғанстан және Орталық Азия елдеріне көз тігіп отыр. Осыған байланысты қазір ұйымның үгіт-насихатына қарсы арнайы оқу құралы әзірленді. Ол қараша-желтоқсан айларында Қазақстанда да таратылатын болады.

Ал еліміздің жоғарғы оқу орындарында террористік үгіт-насихатқа қарсы оқу құралы таратыла қоймағанымен, лаңкестердің арбауынан қорғануға қатысты кеңес жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Біздің арна тілшілері бүгін Еуразия Ұлттық университетіне барып, әлеуметтік сауалнама жүргізген-ді. Суденттер ДАИШ ұйымының қоғам үшін қаншалықты қауіп төндіріп отырғанынан хабардар екендіктерін айтты.

- Әсіресе осы тез қабылдауға жеңіл, жастарға деген ықпалы күшті. Жастар осыған елітіп, Сирияға кетіп жатқанын естіп жатырмыз.

- Мұғалімдер тарапынан, профессорлар тарапынан айтылып жатыр. Сирияға бармау туралы.

- Человек в здравом уме он не должен идти туда. Это неправильный путь.

 Ж. БАМАН