$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оралда үйінің жылу жүйесі заңсыз өзгертілген тұрғын үйлер тексерілуде

AstanaTV
20.10.2015ж. 20:00
1336
Оралда үйінің жылу жүйесі заңсыз өзгертілген тұрғын үйлер тексерілуде

Оралдағы көпқабатты үйлердің 80 пайызының жылу жүйесі ортақ талапқа сай емес. Бұл «Жайықжылуқуат» мекемесінің дерегі. Айтуларынша, пәтерін кеңейткен тұрғындар балконын бөлмеге қосып, тіпті еденіне де жылу құбырын жүргізгендер де бар. Аталған мекеменің өкілдері, мұндай заңға қайшы әрекеттерді анықтау мақсатында арнайы рейдке шықты. Тексеріс кезінде көп қабатты үйлердің бірінен тіпті монша да табылды. Бірінші қабаттағы пәтерінің еденін тесіп, жертөлені меншіктеп алған пысықай, үйдің астын моншаға айналдырған. Мұнымен қоймай, балконын бөлмеге айналдырып, жылы еден төсепті. Ал бұл - заңға қайшы екенін ескерткен, мекеме мамандары үй иесіне жылу жүйесін құжатқа сай қалпына келтіруді талап етті. 

Бекболат Қамешов, «Жайықжылуқуат» АҚ жылу инспекциясының басшысы:

Мұндай жағдайда үй иесіне жылу жүйесін он күн ішінде қалпына келтіруге мұрсат береміз. Егер бұл орындалмаса, тиісті орындарға шағымданамыз. Салынатын айыппұл аз емес. Біз жылу беретін 1 мың 160 үйдің шамамен 80 пайызында жылу жүйелері талапқа сай келмейді.

Вячеслав Сухачев, үй тұрғыны:

 Бұл үйді сатып алғанда мұндай моншасы барын білмедім. Мұны маған дейінгі қожайындар жасаған. Кейін көршілер үстімнен шағым түсіре бастады. Пәлесінен аулақ, сатып құтылмасам, әбден шаршатып бітті.

Е.КАРИН