$531.96 €622.45 ₽6.79
×

2012- 2014 жылдары Қазақстанда 497 наразылық акциясы тіркелген

AstanaTV
20.10.2015ж. 20:00
1173
2012- 2014 жылдары Қазақстанда 497 наразылық акциясы тіркелген

Қазақстанда митингке шығушылардың басым бөлігі коммуналдық төлемдердің қымбаттауына қарсылық білдіреді екен. Елдегі «Адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамада осындай дерек келтіріледі. 2012- 2014 жылдар аралығында барлығы 497 акция тіркелген. Оның 324-і рұқсат етілмеген. Наразылық танытушылардың көбі Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облысында. Митингке шығушыларың  қоятын негізгі талаптары мынадай, 39 пайызы - коммуналдық тарифтердің көтерілуіне қарсы, 30 пайызы - өмір сүру деңгейін және жалақыны көтеруді талап еткен. Тұрғын үй-құрылыс проблемаларын шеше алмағандар 18 пайыз және 13 пайызы басқа да талаптар. Екі жыл ішінде наразылық акцияларына 190 мың адам қатысқан. Айта кетейік, ҚР-сы Конситутциясының 32-бабында азаматтар бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингтер, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқылы.