Стамбулда экстермистер мектебі жойылды. Мұны антитеррор операциясын жүргізген күштік құрылымдар анықтаған. Тінтілген үйлердің бірінен тұтқындалған топ негізінен Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Олардың көбі 18 жасқа да толмаған. Арбаушылар жасөспірімдерді Түркия арқылы Ирак пен Сирияға шығаруды көздеген. Ұсталғандар сондай-ақ сол үйлердің жертөлесінде арнайы әскери дайындық жүргізіп, жиһад жасауға әзірлеген. Террорлық ұйымның идеологтары балаларға діни экстремизм ұстанымдары мен қылмыстық іс-қимыл негіздерін үйретіп келгені белгілі болды.
А. АЛДОНҒАРОВ