$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Әлемдік агенттіктер Қашағанның табысына күмәнмен қарайды

AstanaTV
20.10.2015ж. 20:00
1273
Әлемдік агенттіктер Қашағанның табысына күмәнмен қарайды

Әлемдік рейтингтік агенттіктер Қашаған жобасының елімізге жақын арада табыс әкелеріне күмәнмен қарайды. Standard & Poors агенттігі Қазақстанның жалпы ішкі өнімін болжау барысында Қашағаннан түсетін табысты тіпті есепке алуды доғармақ. Бұған жобаның бірнеше рет сәтсіздікке ұшырауы себеп болған көрінеді. Агенттік директорының орынбасары Карен  Вартапетовтің сөзінше ірі өндіріс  желісі ел экономикасына серпін береді деп күтілген. Алайда, Қашағаннан түсетін табыс енді рейтингтік көрсеткіштерге тек екі жылдан кейін ғана енгізіледі, дейді. Еске салсақ, Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары 2013-жылы 11-қыркүйекте басталған еді. Іле-шала газ құбырынан ақау шығып, өндіріс тоқтатылды.Қазір кешенде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік,  Standard & Poors биыл Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 1,5 пайызды құрайды. Ал 2016-жылы 2, 2017-жылы 3, 2018-жылы 5 пайыз деңгейінде болады деп болжайды.

 М.ДЮСЕКИНА